Парашаңғы жарысы мен парабиатлоннан Қазақстан құрамасы үздік бестікке енді

806

Парашаңғы жарысы мен парабиатлоннан әлем кубогының соңғы кезеңінің қорытындысы жарияланды.  

Парашаңғы жарысы мен парабиатлоннан  Қазақстан құрамасы үздік бестікке енді Фото: gov.kz

Парашаңғы жарысы мен парабиатлоннан Әлем кубогының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3944 ұпай жинап, үздік бестікке енді. 
 
Жеке есепте Ербол Хамитов парабиатлонда 790 ұпаймен екінші, ал шаңғы жарысында 752 ұпаймен үшінші орынға ие болды. Былтыр Бейжіңде өткен қысқы паралимпиаданың жүлдегері Александр Герлиц те маусымды "үздік бестіктің" қатарында аяқтады. Оның еншісінде 630 ұпай бар.
 
Қазақстан командасы барлығы 13 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 2 алтын, 5 күміс және 6 қола.

"Біз үшін паралимпиадалық спорттың маңызы олимпиадалық спорт түрлерінен кем емес. Сондықтан біз ерекше қажеттіліктері бар адамдарға спортта өздерін тауып, нәтижеге жетуі үшін мүмкіндігінше барлық жағдайды жасаймыз. Қазақстан құрамасын осы нәтижемен құттықтаймын және спортшыларымызға болашақта да спорттың биік шыңдарын бағындыруды тілеймін", - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Сарсен Құранбек. 

Парашаңғы жарысы мен парабиатлоннан әлем кубогының соңғы кезеңінің қорытындысы жарияланды. Сайыс нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 3944 ұпай жинап, топ-5-ке кірді.
 
Жеке есепте Ербол Хамитов парабиатлонда 790 ұпаймен екінші, ал шаңғы жарысында 752 ұпаймен үшінші орынға ие болды. Былтыр Бейжіңде өткен қысқы паралимпиаданың жүлдегері Александр Герлиц те маусымды "үздік бестіктің" қатарында аяқтады. Оның еншісінде 630 ұпай бар.
 
Қазақстан командасы барлығы 13 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 2 алтын, 5 күміс және 6 қола.

"Біз үшін паралимпиадалық спорттың маңызы олимпиадалық спорт түрлерінен кем емес. Сондықтан біз ерекше қажеттіліктері бар адамдарға спортта өздерін тауып, нәтижеге жетуі үшін мүмкіндігінше барлық жағдайды жасаймыз. Қазақстан құрамасын осы нәтижемен құттықтаймын және спортшыларымызға болашақта да спорттың биік шыңдарын бағындыруды тілеймін", - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Сарсен Құранбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу