Параволейболдан Қазақстан құрамасы тарихи жеңіске жетті

285

Қытайдың Ханчжоу қаласында волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғаш рет чемпион атанып, жанкүйерлерді тәнті етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Параволейболдан Қазақстан құрамасы тарихи жеңіске жетті Фото: Бауыржан Тахауов

Қазақстандықтар финалда Қытай құрамасымен алтын жүлдені сарапқа салды.

Алғашқы екі партияда алаң иелері 25:15, 25:19 есебімен басым түскен еді. Ал үшіншісінде қазақстандықтар 25:19 есебімен есе қайырды.

Төртінші сетте алдымен қытайлықтар 10:5 есебімен алға кетті. Дегенмен Бауыржан Тахауовтың шәкірттері таразы басын теңестіріп, кейінгі сетті өз пайдасына жазды – 25:20.

Шешуші, бесінші партияда қазақстандықтарды қытайлықтар тоқтата алмады – есеп 15:8. Қорытынды есеп 3:2 болды.

Осылайша, волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы камбэк жасап, алғаш рет өз тарихында Азия чемпионы атанды. 

"Өз шәкірттеріме ризамын. Жігіттер жақсы ойын өрнегін көрсете білді", – деді Қазақстан құрамасының бас бапкері Бауыржан Тахауов.

Өткен жылы Париж Паралимпиадасына қатысып, 5-орынға табан тіреген қазақстандық параволейболшылар биын осындай тарихи табысқа жетіп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу