Павлодар қаласының жаңа әкімі тағайындалды

2493

Бұған дейін шаһарға басшылық еткен Әнуар Күмпекеев қымбат жиһазға деген құмарлығы үшін қызметінен кеткен болатын.  

Павлодар қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Бүгін Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Павлодар қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында облыс орталығының жаңа әкімі Қайрат Нүкеновті таныстырды. Ол бұған дейін аймақ басшысының ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары болған еді.

"Өткен жылы Павлодар қаласында өндіріс пен құрылыс көрсеткіштері айтарлықтай төмендеді. Жеңіл өнеркәсіп пен қарапайым заттар экономикасы бағытында жұмыс істейтін кәсіпорындар аз. Әлі күнге дейін тұралап қалған шағын және орта бизнес нысандары бар. Сіз тәжірибеңіз мен біліктілігіңізді осы мәселерді шешіп, облыс орталығына инвесторлар тартуда тиімді пайдаланасыз деп сенемін",– деді Болат Бақауов.

Қайрат Теміршотұлы ұзақ жыл бойы Павлодар облысының шағын және орта бизнес құрылымдарында жұмыс істеп,  облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланды. Кейін облыстың кәсіпкерлік және сауда басқармасын басқарды.  Сонымен қатар, Железин ауданы, индустриялық-өнеркәсіптік аймақтар – Ақсу, Екібастұз қалаларының әкімі қызметін атқарды.

2018 жылдың тамыз айынан 2019 жылдың ақпанына дейін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. Ал жыл басында Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған еді.

Ақтоты Қабдықайыр

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу