Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына ұсынылған Серік Халеловтың кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Министрлік жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның отырысында үміткердің кандидатурасы қаралды.
Серік Халелов бұған дейін Астана қаласы әкімдігінің №7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін басқарған. Комиссия оның спорт саласындағы кәсіби тәжірибесі мен басқарушылық қабілетін, сондай-ақ өңір спортын дамытуға қатысты ұстанымын ескеріп, оң шешім қабылдады.
Кандидатураны жергілікті атқарушы орган ұсынады. Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Халеловтың тағайындалуы министрлік комиссиясының келісімінен кейін жүзеге асырылады.