Павлодар өңірінде жойқын құйын тағы қайталануы мүмкін

398

Жел соққан уақытта ағаштардың астында паналамаған абзал. 

Павлодар өңірінде жойқын құйын тағы қайталануы мүмкін Фото: Бейнежазбадан

Төтенше жағдай қызметі алдағы күндері Павлодар облысының аумағында екпінді жел соғып, бұршақ аралас қатты жаңбыр жауатынын ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін облыстың Успен ауданындағы Қоңырөзек ауылын жайпап өткен торнадо тектес құйын алдағы күндері облыс аумағында тағы да жүруі мүмкін.

– Ауа райын болжаушылардың болжамына сәйкес, өңірде қатты және екпінді жел, найзағай, бұршақ, сондай-ақ жергілікті құйындардың (смерчтердің) пайда болуы мүмкін. Осыған орай тұрғындардың абай болуын, қауіпсіздік шараларын сақтауын сұраймыз, – деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен.

Мамандар адамдарға мүмкіндігінше үйден шықпай, терезелер мен есіктерді, балкондарды мықтап бекітуді ескертіп отыр. 

– Жел соққан уақытта ағаштардың астында паналамаған абзал. Электр беру желілерінің, жарнамалық қалқандардың, аялдамалардың және басқа да тұрақсыз құрылымдардың жанында тұрмаңыз. Автокөліктерді де әлгіндей нысандардың маңына қоймаңыздар. Мүмкіндігінше елді мекеннен тыс жерлерге шығуды шектеңіздер, – деп қосты департаменттен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу