Пентагон Иракта танкер ұшағын жоғалтып алды

АҚШ Орталық қолбасшылығының мәлімдеуінше, мұндай жағдай Иранға қарсы әскери операция кезінде болған. 

Пентагон Иракта танкер ұшағын жоғалтып алды Фото: minval.az

KC-135 танкер ұшағының жоғалғанын ТАСС агенттігі де жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Иран Парсы шығанағындағы АҚШ мұнай танкеріне шабуыл жасаған еді. Мұнай кемесіне қатысты оқиға Парсы шығанағының солтүстігінде Иран, Израиль және АҚШ арасындағы шиеленіс жалғасып жатқан кезде тіркелген. 

– Орталық қолбасшылық KC-135 танкер ұшағы жоғалғаны туралы хабардар. Оқиға "Эпикалық қаһар" операциясы кезінде достық әуе кеңістігінде болды, қазір құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғаға екі ұшақ қатысты. Біреуі Ирактың батысында құлаған, екіншісі аман-есен қонды. Оқиғаның жауға да, достық атысқа да қатысы жоқ, – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, Иран Парсы шығанағында 2 танкерді ұстап алған-ды. Тегеранның нұсқасы бойынша бұл кемелер бір миллион литрден астам контрабандалық отын тасымалдаған болуы мүмкін. 

Бұған дейін әлемдік БАҚ Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы жасырынғанын немесе жараланғанын мәлім етті.

Ал Дональд Трамп "Иранға қарсы әскери операция тек бір жағдайда ғана аяқталуы мүмкін" деп хабарлаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу