Phygital International негізін қалаушы мен Беларусь спорт министрі Астанаға келді

261

Рене Фазель мен Сергей Ковальчук елордада өтетін "Болашақ ойындары – 2026" турниріне қатысады.  

Phygital International негізін қалаушы мен Беларусь спорт министрі Астанаға келді Фото: Бейнероликтен

Phygital International ұйымының негізін қалаушы Рене Фазель және Беларусь Республикасының спорт министрі Сергей Ковальчук Астанаға келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қонақтарды Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Халықаралық әуежайда Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары Бауыржан Рапиков қарсы алды.

Рене Фазель мен Сергей Ковальчук елордаға "Болашақ ойындары – 2026" халықаралық турнирінің құрметті қонағы ретінде арнайы келген.

Астанада өтетін бұл жарыс спорт, технология және инновацияны біріктіретін әлемдік деңгейдегі бірегей турнир саналады. Оған әлемнің әр елінен келген үздік фиджитал клубтар қатысып, жүлделер үшін бақ сынайды.

Айта кетейік, "Болашақ ойындары – 2026" халықаралық турнирі 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астана қаласында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу