Ағылшынның "Ливерпуль" клубында ойнаған 28 жастағы португалиялық футболшы Диогу Жота Испанияның Замора провинциясында жол-көлік оқиғасында қайтыс болды. Қайғылы оқиға кезінде футболшының бауыры да бақиға аттанды.
Жота футбол әлемінде "Ливерпуль" сапындағы жетістіктерімен танылды. Ол аталмыш клубпен бірге Англия чемпионы атанып, Англия кубогы мен лига кубогын жеңіп алған.
Сондай-ақ, Португалия ұлттық құрамасы сапында да табысты өнер көрсеткен Жота УЕФА Ұлттар лигасын екі рет жеңіп алған.
Айта кетейік, Диогудың 26 жастағы бауыры Андре де кәсіби футболшы еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу