Португалия құрамасы Роналдусыз алғашқы матчында жеңіліп қалды

219

Бұл Португалия құрамасының Криштиану Роналдусыз өткізген алғашқы матчы болды.

Португалия құрамасы Роналдусыз алғашқы матчында жеңіліп қалды Фото: EPA

Португалия құрамасы Ұлттар лигасы аясында өз алаңында Даниядан 1:4 есебімен жеңілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл Португалия құрамасының Криштиану Роналдусыз өткізген алғашқы матчы болды. Футболшы қараша айының басында ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеген еді.

Даниямен кездесудің алдында Португалия ойыншылары алаңға 7-нөмірлі жейдемен шықты. Бұл нөмір бірнеше жыл бойы Роналдуға тиесілі болған. Қазір ол Карлос Форбске берілгенімен, жейдедегі 7 санының жазылуы өзгертіліп, ортасына көлденең сызық қосылған.

Құраманың әлеуметтік желідегі парақшасында бұл шешімге қатысты: "Жаңа жетіліктің дәуірі басталды. Алайда бұрынғы жетілік мәңгі есте қалады", – деп жазылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу