Криштиану Роналду бастаған құрама матчтың алғашқы минуттарынан басымдықты өз қолына алды деуге болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, футболдан 2026 жылғы әлем біріншілігінің К тобында Португалия мен Өзбекстан құрамалары арасындағы кездесуде ірі есеп тіркелді.
Ойынның небәрі 6-минутында Криштиану Роналду мергендігімен көзге түсіп, осы турнирдегі алғашқы голын, жалпы мундиаль тарихындағы 9-шы голын соқты. Ал 17-минутта айып соққысын Роналду емес, Нуну Мендеш орындап, есепті еселей түсті. Бірінші тайм бітпей тұрып, Роналду дубль жасады. Ал матчтың 60-минутында өзбекстандық қақпашы Абдувохид Нематов өз қақпасына гол енгізіп алды. Ойынның бітуіне 3 минут қалғанда Рафаэл Леау көзге түсті. Қорытынды есеп – 5:0.
Қос голды өз атына жазған Роналду мансабында әлем чемпионаттарының финалдық кезеңінде соққан голдар санын 10-ға жеткізіп отыр.
Жаза кеткен жөн, португалиялық жұлдыз ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын тура 20 жыл бұрын (2006 жылы, Иран қақпасына) соққан болатын. Қазіргі уақытта оның құрамадағы көрсеткіші 143 голға (229 матч) жетті.