"Роналду жылады": Португалия тағы Испаниядан жеңіліп қалды

Жасыл алаңда Еуропаның тәжірибелі әрі мықты қос құрамасы жолыққан еді. 

"Роналду жылады": Португалия тағы Испаниядан жеңіліп қалды Фото: tsn.ua

Сол себепті, күллі футбол жанкүйерлері бұл матчты асыға күтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында 1/8 финалында Португалия Испанияға есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды. 

Алғашқы минуттан-ақ екі құрама да шабуылға көбірек иек артты. Сонда да олардың жылдам гол соғатын мүмкіндігі болмады. Бірінші таймда таблодағы көрсеткішке өзгеріс енбеді. 

Екінші кезеңде де алма-кезек шабуыл өрбіп жатты. Ұрымтал сәттің бірінде, яғни 91-минутта испаниялық Микель Мерино соққан жалғыз гол кездесу тағдырын шешіп кетті. 

Осылайша, олар 1:0 есебімен қарсыласын қапы қалдырып, плей-офф сатысына жолдама алып отыр. 

Жаза кетейік, Испания H тобында екі жеңіске (Уругвайды 1:0, Сауд Арабиясы 4:0) жетіп, бір тең (Кабо-Вердемен 0:0) ойынмен 7 ұпай жинады. Плей-офф сатысында Аустрияны 3:0 есебімен ойсырата жеңді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу