Президент: Әрбір бүлдіршіннің балалық шағы бақытты, болашағы баянды болсын!

379

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды атаулы датамен құттықтай отырып, еліміз балаларға барынша қолайлы жағдай жасатынын айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Президент: Әрбір бүлдіршіннің балалық шағы бақытты, болашағы баянды болсын! Фото: Ақорда

Жыл сайын жаздың алғашқы күні, яғни, 1 маусым әлемде Халықаралық балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіледі.

"Балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, сапалы білім беріп, олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіру – баршаға ортақ парыз. Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай береді. Әрбір бүлдіршіннің балалық шағы бақытты, болашағы баянды болсын!" – деп жазды Президент Х әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу