"Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс"

1444

Үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кірісті. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев твиттерінде жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс"

"Құрамында Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кірісті. Республикалық оперативтік штаб тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр. Комиссияға еліміздегі тұрақтылықты сақтай отырып, туындаған мәселе бойынша өзара тиімді шешім шығару жүктелді.

Құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу жөнінде тапсырма берілді. Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс",- деп жазды Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, 2 желтоқсанда Жаңаөзен тұрғындары газ бағасының қымбаттауына қарсы наразылыққа шықты. Олар бағаны 110 теңгеден "50 теңгеге дейін түсіруді" талап етіп, орталық алаңда екі тәуліктен бері акция өткізіп жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сол күні түн ауғанда твиттер желісінде "Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырғанын" мәлімдеді. 

Үкімет ертеңінде баға 85-90 теңгеге түсетінін хабарлады. Бағаны бизнес өкілдері "әлеуметтік жауапкершілік" ретінде төмендеткенін түсіндірді. 

3 желтоқсан сағат 17:30-да Энергетика министрі журналистерге брифинг беріп, бағаны одан төмен түсіру мүмкін емес екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу