Президент Дональд Трампты "Артемида-2" миссиясының табысты орындалуымен құттықтады

127

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Президент Дональд Трампты "Артемида-2" миссиясының табысты орындалуымен құттықтады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы "Артемида-2" миссиясының сәтті аяқталуына орай АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдап, адамзаттың кейінгі жарты ғасырдағы Айға жасаған алғашқы сапары ғарышты игеруде тарихи кезеңге айналғанын атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Президент АҚШ-тың озық ғылыми жетістіктеріне жоғары баға берді. Бұл дүние жүзіндегі ғалымдардың, инженерлер мен зерттеушілердің жаңа буынын жігерлендіріп, білім көкжиегін кеңейтетінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа "Артемида" бағдарламасын және ғарыш саласындағы басқа да бастамаларды іске асыруда табыс тіледі, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу