Президент "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын комиссия құруды ұсынды

182

Бұл туралы Президент X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Президент "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын комиссия құруды ұсынды Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасын жүзеге асыру барысында қаражаттың жұмсалуын қатаң бақылау маңызды екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– 28 қазан күні дәстүрлі Жолдауымда айтқан "Халықтық құрылыс" бағдарламасын жүзеге асыру барысында бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссия құру қажет деп санаймын. Комиссия құрамына бірқатар салалық ведомство басшылары, Құрылтай мен мәслихаттар депутаттары, Халық Кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, белсенділер, волонтерлер, журналистер кіреді, – деп жазды Президент Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу