Президент Иордания Королін құттықтады

364

Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейн мен оның отандастарын Иордан Хашимит Корольдігінің төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент Иордания Королін құттықтады Фото: aqorda.kz

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Иордания арасындағы сындарлы ынтымақтастықтың жыл өткен сайын нығайып келе жатқанына тоқталып, Королдің екіжақты қарым-қатынасты жан-жақты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейннің жауапты қызметіне толайым табыс, ал Иордания халқына бақ-береке тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу