Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады

807

Боксшы IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғап қалды.  

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады

Геннадий Головкинді мерейлі жеңісімен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады. 

"Геннадий Головкинді сенімді жеңісімен құттықтаймын! Біздің боксшымыз орта салмақта IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғады. Гена өзінің жоғары шеберлігі мен жеңіске деген мықты ерік-жігерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Еліміз өзіңмен мақтанады!", – деп жазылған Президенттің твиттер желісіндегі хатында. 

Сонымен қатар боксшыны Камил Шереметамен жекпе-жекте айқын жеңіске жетуімен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтап, жеделхат жолдады.

"Осы жеңіс арқылы сен өз дивизионыңда 21-ші рет әлем чемпионы атанып, қазақстандық және әлемдік бокс тарихы жылнамасының жаңа парағын аштың. Бұл барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік күніне орай тамаша сый болды деп ойлаймын.
Біз сенің спорттағы жарқын жетістіктеріңді, мықты рухыңды және жеңіске деген жігеріңді мақтан етеміз. Сенің жеңімпаз ретінде өз жолыңды жалғастыратыныңа сенімдімін және сенің жетістіктеріңе әлі талай сүйсінетін боламыз",  – деп жазылған жеделхатта. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу