Президент қазақстандықтарды Құрылтайдың алғашқы сайлауына қатысуға шақырды

247

Қазақта "Келісіп пішкен тон келте болмас" деген мақал бар.  

Президент қазақстандықтарды Құрылтайдың алғашқы сайлауына қатысуға шақырды Фото: akorda.kz

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үндеуінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Құрметті отандастар, еліміздің келешегі әр азаматтың саналы таңдауына байланысты болмақ.

Сайлауға қатысу дегеніміз – халықтың өз ықтиярын білдіру, ел тағдырына бей-жай қарамай, азаматтық жауапкершілік таныту, ел игілігі үшін өнегелі іс жасау деген сөз. Дүние жүзінде миллиондаған адам өз сайлау құқы үшін күресуде.

Қазақта "Келісіп пішкен тон келте болмас" деген мақал бар. Азаматтарды, әсіресе, жастарды сайлауға келіп, өз таңдауын жасауға, яғни Қазақстанның табысты дамуына үлес қосуға шақырамын.

Халқымыздың дауысы қастерлі Отанымыздың тұғырын бекемдеуге, нағыз озық ел болуымызға тікелей ықпал етері анық.

Баршаңызға амандық және табыс тілеймін!

Отанымыз – Қазақстан Республикасы жасасын! – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу