Президент: Қажет болса үкіметтік арнайы комиссия Маңғыстауға тағы баруға тиіс

2953

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында наразылық акциясын өткізіп жатқан адамдармен диалог орнатуды тапсырды.

Президент: Қажет болса үкіметтік арнайы комиссия Маңғыстауға тағы баруға тиіс Фото: akorda.kz

"Проблемамен айналысуды әкімдікке ғана жүктеп қоюға болмайды. Оларды қолдап, туындаған мәселелерді бірлесе қараған жөн. Наразылық білдірген азаматтардың проблемаларын шешу үшін Үкімет пен "Самұрық-Қазына" қоры жұмыс істеуі керек", – деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, қажет болса үкіметтік арнайы комиссия Маңғыстауға тағы баруға тиіс.

Айта кетейік, Жаңаөзенде қаңтар оқиғасынан кейін де шерулер болып жатыр. Адамдар жұмыс тауып беруді талап етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу