Президент кубогы: "Барыс" финалға жолдама алды

1629

"Барыс" финалда "Сарыарқамен" кездесетін болды.

Президент кубогы: "Барыс" финалға жолдама алды

"Барыс" Нұр-Сұлтанда Қазақстан Президенті кубогының топтық кезеңінің жартылай финалдық матчында Өскеменнің "Торпедосын" жеңді. Кездесу "Барыс-Аренада" өтіп, 4:2 есебімен астаналық клубтың пайдасына аяқталды.

Бірінші кезең голсыз өтті. Екінші кезеңде айдын иелерін команданың жаңа ойыншылары алға шығарды. Алдымен 26-минутта Коди Куник гол соқты. Содан кейін 31-минутта Эрик Мартинссон есепті еселей түсті. Бірақ, қонақтар бірден Ерік Алдабергеновтың шайбасының арқасында олқылықтың орнын толтырды.

Үшінші кезеңде командалар мұз айдынына шыққан бойда Даррен Диц есепті өзгертті. Ал соңғы ысқырыққа 3,5 минут қалғанда Максим Худяков есеп айырмашылығын бір голға дейін қысқартты.

Негізгі уақыт аяқталғанша "Торпедо" хоккейшілері есепті теңестіруге тырысты және қақпашыны орынан алып тастады. Бірақ матчтың аяқталуына бірнеше секунд қалғанда Аркадий Шестаков гол соғып кетті.

"Барыс" – "Торпедо" 4:2 (0:0, 2:1, 2:1)

1:0 – 25:05 – Куник

2:0 – 30:13 – Мартинссон (Михайлис) ГБ

2:1 – 31:52 – Алдабергенов (Стасюк, Мажуга)

3:1 – 40:19 – Диц (Фрэттин, Томас) ГБ +2

3:2 – 56:31 – Худяков (Громов, Мажуга)

4:2 – 59:59 – Шестаков ПВ

ҚақпашыларОртио – Янков  

Осылайша 4:2 есебімен Торпедоны" тізе бүктірген "Барыс" турнирдің финалына шықты және 15-тамызда қарағандылық "Сарыарқамен" ойнайды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу