Президент Қырғызстанға қатысты маңызды құжатқа қол қойды

1145

Бірыңғай алымдар бойынша өтпелі кезең ұзартылды. 

Президент Қырғызстанға қатысты маңызды құжатқа қол қойды

Президент Қасым Жомарт Тоқаев  "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заңға"қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz

Бұған дейін хабарланғандай Қырғызстан ЕАЭО-қа 2015 жылдың 12 тамызында қосылды. Кейін Одақ тарапынан Қырғызстан экономикасын ЕАЭО шарттарына бейімдеу үшін тауарларға бес жылдық бірыңғай кедендік тариф белгіленді. Бұл мерзім 2020 жылдың 1 қаңтарында аяқталды. 

ЕАЭО-қа мүше елдердің басшыларының саммитінде Қырғыз Республикасының Президенті елдегі экономикалық, әлеуметтік ахуалды ескеріп, бекітілген мерзімді тағы ұзартуға рұқсат сұраған еді. Келіссөздер нәтижесінде одақтың төрағасы мен мүше мемлекеттердің басшылары өтпелі кезеңді тағы бір жылға созды. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу