banner

Президент өкілеттігін жеті жылға ұзарту туралы заң қабылданды

2013

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына "президентті жеті жылға – тек бір мерзімге" сайлау және "астана атауын қайта өзгерту" туралы нормалар енгізілді.  

Президент өкілеттігін жеті жылға ұзарту туралы заң қабылданды

Бұл туралы әдеттен тыс жұма күні өткен Парламенттің бірлескен отырысында Әділет министрі Қанат Мусин мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

Министрдің сөзіне қарағанда, президентті жеті жылға сайлау нормасы күзде өтеді делінген сайлауға дейін қабылданбақ. 

"Өзгеріс күздегі сайлауға дейін қабылданбаса, бес жылға сайланып кеткен президент қайта жеті жылға сайлану құқығына ие болып кетеді", – дейді ол. 

Мұндай түсіндіруді депутат Қазыбек Иса да қайталады.

Оның сөзіне қарағанда, Қасым-Жомарт Тоқаев екі рет сайлануға құқығы бола тұра, "ерлікке" барып отыр.

Айта кету керек, бейтарап сарапшылар мұндай түсіндіруді "биліктің манипуляциясы" деп есептейді. Олардың айтуына қарағанда, билік қазіргі президентті жеті жылға сайлап алуға "тырысып бағуда". Егер президент сайлауы 2024 жылы өз уақытымен өтсе де, Қасым-Жомарт Тоқаевтың оған қатысып, 2029 жылға дейін мемлекет басшысы болуына мүмкіндігі бар. Ерте өткізіп, жеті жылға сайланса да, 2029 жылға дейін президент болады. Сайлаудың шұғыл өткізілуі "қазіргі президентті қарсыластарын дайындалуға үлгертпеу" үшін қажет.

Мәжіліс депутаттары заңды қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу