Президент: Өкінішке қарай адам шығыны болды

1909

Кеше Жамбыл облысы Қордай ауданында жергілікті тұрғындар төбелесіп, оның арты үлкен дауға айналған болатын.  

Президент: Өкінішке қарай адам шығыны болды

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ақорда

Құрметті қазақстандықтар!

Бүгін түнде Жамбыл облысы Қордай ауданында жергілікті тұрғындар арасында жаппай төбелес, жанжал болды.

Бұл ахуалды арандатушылар өз мақсатына пайдаланды. Өкінішке қарай, бұл оқиға кезінде адам шығыны болды.

Мен қаза болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін.

Қазір полиция мен Ұлттық ұлан бұл жағдайды бақылауға алды.

Осыған орай, мен Үкімет комиссиясын құруды тапсырдым.

Оған Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Машбекұлы Сапарбаев төрағалық етеді.

Үкімет комиссиясы болған оқиғаның себебін анықтайды.

Жамбыл облысы әкімімен бірлесіп, қаза болғандарды жерлеу, зардап шеккендерге көмектесу жұмыстарын ұйымдастырады.

Сондай-ақ, жағдайды тұрақтандырумен айналысады.

Қоғамдық тәртіпті бұзғандар анықталып, қатаң жауапқа тартылатын болады.

Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиісті тапсырма бердім.

Мемлекетіміздің мүддесіне зиян келтіретін, береке-бірлігімізді бұзатын және жалған ақпарат таратқан азаматтар заң алдында жауап береді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу