banner

Президент: Пандемия "емтиханын" әкімдердің жартысы үшке тапсырды

2039

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерді сынға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Президент: Пандемия "емтиханын" әкімдердің жартысы үшке тапсырды

"Біздің ең өзекті мақсатымыз – вирустың таралуын тоқтату емес. Әлемдік тәжірибе мұның мүмкін емес екенін көрсетіп отыр. Ең бастысы – аса ауыр науқастардың көбеюін болдырмау, адам өмірін сақтау. Сондықтан, оның бір ғана жолы бар. Бұл – жаппай вакцинация, екпе салу",– деді Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңесте.

Оның айтуынша бүгін де иммундау курсынан 2,8 млн адам өткен. Алайда оң динамикаға қарамастан, аймақтар бөлінісінде жағдай мүлде бір-біріне ұқсамайды. 

"Пандемия аймақ басшылары үшін белгілі бір деңгейде емтихан болды. Бұл емтиханнан әкімдердің жартысы ең жақсы дегенде үшпен аяқтап жатыр", – дейді Президент.

Аян Бекенұлы
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу