Президент Ресей мен Украина шиелінісіне қатысты пікір білдірді

2009

Оның пікірінше, халықаралық келісімнің орындалмауы салдарынан әлемдегі геосаяси жағдай күрделенген. 

Президент Ресей мен Украина шиелінісіне қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы саяси жағдайдың ушығуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Біздің ұстанымымыз егемендік қауіпсіздігін, мемлекетіміздің аумақтық құндылығын қамтамасыз етудің аса маңызды қажеттілігін негізге алумен байланысты. 2010 жылы ЕҚЫҰ саммитін қабылдаған ел ретінде біз еуразиялық қауіпсіздіктің бөлінбеушілік қағидатына сүйенеміз. Бөлінбеушілік және ортақ қауіпсіздік қағидаты өзара сенім негізінде өзара түсіністікті қалыптастырады. Өкінішке қарай, бұлай болған жоқ. Минск келісімі қағаз жүзінде қалды, бұл Украина аумағында әскери іс-қимылдарға әкелді. Осылайша, геосаяси жағдай ушығып кетті", – деді Президент Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезінде.

Ол Ресей мен Украина шиелінісі күн тәртібінде тұрған өзекті мәселенің біріне айналғанын жеткізді.

"... Сондықтан біз екі мемлекетті келіссөздер үстелінде ортақ тіл табысуға, уағдаластыққа, келісімдерге қол жеткізуге шақырамыз. Басқа жол жоқ. "Худой мир лучше доброй ссоры" деген сөз бар. Бейбіт өмірсіз әлемде даму болмайды. Қазақстан өз тарапынан арағайын болып, барынша көмек көрсетуге дайын. Әрине, көмек қажет болса", – деді Мемлекет басшысы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу