Президент таңдау жасады

1607

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс беріп, таңдау жасады.

Президент таңдау жасады

Президент конституциялық құқығын оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде жүзеге асырды.

Біле жүріңіз, мәжіліс депутаттарының сайлауында "Ауыл", Nur Otan, Қазақстан Халық партиясы, ADAL, "Ақ жол" сынды 5 саяси партия бақ сынауда. Аты аталған саяси ұйымдар мәслихат сайлауына да кандидаттарын қосты.

Мәжіліске 5 партиядан 312 үміткер ұсынылды. Оның ішінде "Ауыл" партиясынан - 19, Nur Otan партиясынан - 126, ADAL партиясынан - 16, Қазақстан Халық партиясынан - 113, "Ақ жол" партиясынан - 38 үміткер бар.

Мәслихат депутаттығына барлығы 832 азамат үміткер болды. Оның 158-і -  "Ауыл", 216-сы Nur Otan, 215-і ADAL, 69-ы Қазақстан Халық партиясының, 215-і 
"Ақ жол" партиясының өкілі.

Айта кетейік, сайлау учаскелерінің барлығында санитарлық талап сақталған.Кіреберістерге термометр орнатылған. Сайлаушыларға медициналық бетперде тегін беріліп жатыр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу