Президент уәдесі

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
4725

Жалақысы төмен азаматтардың табыс салығын он есе төмендету бюджетті үш жылда 94 млрд теңгеден қағады. Есесіне ол қаражат 2 млн-дай адамның қалтасынан табылмақ.

Президент уәдесі

Қазақстан президентінің табысы аз азаматтар үшін салықтық жүктемені төмендетуге қатысты бастамасы қолдауға ие болды. Қазыналық көмектің мөлшері бір алушы үшін айына 1,3 мың теңгеге жуық болуы мүмкін. Аbctv.kz-тың жергілікті бюджет пен табысы 25 АЕК-тен төмен қазақстандықтардың санынан келіп түсетін табысты салыстырудан шығарған есебі осыны көрсетіп отыр.

Заңнамаға тиісті түзетулер мен есептеу әдісі әзірленді деді abctv.kz-ке ұлттық экономика министрлігінің салық және кедендік саясат департаментінің директоры Азамат Әмрин.

"Түзетулер 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді деп жоспарлап отырмыз. Ең басты критерий – жалақы 25 АЕК-тен жоғары болмау керек, бүгінгі күні бұл – 60125 теңге. Ал бізде мұндай жалақы алатын адамның саны екі миллион", – деді ол.

Халықтың жекелеген топтарының қазыналық жеңілдігінен 2019-2021 жылдары бюджет 93,7 млрд теңге жоғалтады, деп келтірді ҰЭМ баспасөз-қызметі. Сонымен қатар ведомстводағылар өңірлер аралығындағы ақпарат жасырын болып табылатынын және қызметтік мақсатта ғана қолданылатынын атап кетті.

Қазақстанның бюджеттік заңнамасы бойынша жеке тұлғалардан түсетін табыс салығы (ЖТС) өңірлердің жергілікті бюджетіне түседі. Айтылған жоғалтулар тұрғысынан есептер болсақ, олар жыл сайын орташа есеппен алғанда 31,2 млрд теңгеден жоғалтып отырады. 2017 жылы ЖТС бойынша түсім 750,2 млрд теңге болған, осыған сәйкес, жоғалту көлемі 4%-ға тең.

Осы әлеуметтік бастама аясында өңірлердің төмендеп қалған табысын теңгеру үшін өтем жасау шаралар қарастырылады ма деген заңды сұрақ туындайтыны рас. ҰЭМ жергілікті бюджеттің жоғалтатыны үш жылдық (2017-2019) трансферттердің жарамдылық кезінде республикалық бюджет қаражаты есебінен өтеледі деп отыр,

Негізі 2019 жылға арналған өтемақы 29,1 млрд теңгені құрайды. Азамат Әмриннің түсіндіруінше, үкімет жаңа жоспарды әзірлеген кезде жұмыс берушінің де, жұмыскердің де мүддесін ескерген.

"Есеп-қисапты қиындатпай, "артық шаруа" жасамас үшін табыс салығын есептеу кезіндегі тәртіпті өзгертпейміз, тек салық салынбайтын шегеру жалақының 90 пайызынан қосымша шегеру жасалады да, қалғанына 10 пайыз салық салынатын етіп жасадық. Мөлшерлемені өзгертпейміз, жеке табыс салығының бірыңғай мөлшерлемесі 10 пайыз болып қала береді. Ал 10 есе азайтылған 10%-ға салық саламыз. Сонда ЖТС-ны 10 есе қысқартамыз да, жұмыс берушіге шығын аз болып, жұмыскер бұл ақшаны бірден алу үшін тиімді мөлшерлеменің бір пайыз етеміз", – деп түсіндірді ол.

Осымен бірге табыстың кез келген деңгейінде бір мөлшерлемен алынатын ЖТС-ны енгізу қарастырылып жатыр. Ұлттық экономика министрлігінің салық және кедендік саясат департаментінің директоры Азамат Әмриннің айтуынша, қазір зерттеу жүргізіліп жатыр және әртүрлі нұсқа қарастырылуда. Ол ЖТС-ның бірыңғай мөлшерлемесін жалпыға бірдей декларациямен бірге енгізген жөн деп есептейді.

"Қандай экономикалық нәтиже мен қосымша түсімдер болатынын көреміз. Мамырдың ортасында соңғы ұсыныстарды жинақтайтын боламыз деп ойлаймын", – деді ҰЭМ департаментінің басшысы.

Дегенмен, қазақстандықтардың өзі мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықты сезбеуі мүмкін. Егер ЖТС бойынша түсетін жылсайынғы табысты алушылар санына, яғни 2 млн-ға жуық адамға бөлетін болсақ, онда қолдау мөлшері жылына 15,6 мың теңге немесе ай сайын 1,3 мың теңге ғана болады екен. Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 2018 жылдан бастап 26%-ға, айына 28,85 мың теңгеге дейін өсті.

Еске салар болсақ, осы жылдың 5 наурызында президент Нұрсұлтан Назарбаев көпшілікке бес әлеуметтік бастаманы таныстырған болатын. Онда Қазақстан елордасын газдандыру және "Сарыарқа" газқұбырын салу, "7-20-25" жаңа мемлекеттік ипотекалық бағдарлама, табысы 25 АЕК-тен төмен азаматтардың ЖТС бойынша салық жүктемесін төмендету, студенттер жатақханасын салу және білім гранттарын көбейту, сондай-ақ микронесиені дамыту бар.

Майра Медеубаева, Ирина Севостьянова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу