Президент Ұлттық банк туралы жаңа ережені бекітті

295

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк туралы жаңа ережеге қол қойды.

Президент Ұлттық банк туралы жаңа ережені бекітті Фото: © Sputnik / Владислав Воднев

Құжатқа сәйкес, Ұлттық банк Қазақстан Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып қала береді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ережеде Ұлттық банктің негізгі міндеттері нақтыланды:

  • ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу,
  • төлем жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету,
  • қаржы жүйесінің тұрақтылығына жәрдемдесу,
  • валюталық реттеу мен бақылауды жүзеге асыру,
  • статистикалық қызмет атқару,
  • қаржы нарығына мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу.

Ұлттық банк Қазақстанның орталық банкі әрі банк жүйесінің жоғарғы деңгейі ретінде айқындалды.

Жаңа құжатта төрағаның, басқарманың, директорлар кеңесінің және ақша-несие саясаты комитетінің өкілеттіктері кеңейтілді.

Ұлттық банк төрағасы Президенттің ұсынысы бойынша Парламент Сенатының келісімімен 6 жыл мерзімге тағайындалады және тек Мемлекет басшысының шешімімен қызметінен босатылады.

Жарлық 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу