Pro Ligasy. "Арлан" мен "Сарыарқа" көш бастады

2075

Қаңтар айындағы хоккейден Қазақстан чемпионатының ойындары ұзаққа созылмады. Кейбір командалар тіпті екі ойын ғана өткізді. Дегенмен біз жылдың алғашқы айын қорытындылай кетсек.

Pro Ligasy. "Арлан" мен "Сарыарқа" көш бастады

Турнирлік кестеде қос команданың таласы орнады. "Арлан" мен "Сарыарқа" 63 ұпайдан жинады. Бірақ соған қарамастан ең маңызды қосымша көрсеткіш бойынша, яғни бетпе-бет кездесуде жинаған ұпай саны бойынша көкшетаулықтар ақпан айын көшбасшы ретінде бастайтын болды. Айта кетейік, Сергей Бердниковтың шәкірттері Батыс Қазақстанға сапарында 50 пайыз ұпай жинады. Алайда қарағандылықтар да қаңтардағы төрт жекпе-жекте жеңіске жетті. Сонымен қатар "Сарыарқа" чемпионаттың ең нәтижелі командасы (әр матчта орта есеппен 4,18 гол) және қорғаныс бойынша Лигадағы ең мықты команда (1,68 гол) болып қала бермек.

58 ұпай жинаған "Бейбарыс" үздік үштік қатарын толықтырды. Қаңтар айында атыраулықтар төрт кездесудің үшеуінде жеңіске жетті. Нәтижесінде, олар осы маусымда бірінші орын үшін күресті одан әрі жалғастыруда.

Қазіргі таңда сегіз команда арасында қызу күрес жүріп жатыр. Сегіз ұпайы бар "Ақтөбе" өзін біраз уақыт турнирлік кестеде сенімді ұстай алады. Одан кейінгі орында "Алтай Торпедо" "Горняк" және "Теміртау" командалары. Бұл командалар биылғы маусымды қандай нәтижемен аяқтайтынын қазір ешкім дөп басып айта алмайды.

Осыдан бір ай бұрынғыдай "Сарыарқа" кездесулердің бірінде ең ірі жеңіске жетті. Желтоқсанда "Құлагер" 11:2 есебімен жеңілсе, қаңтарда "Сарыарқа мен "Ертіс" арасындағы текетіресте де дәл осындай есеп тіркелді.

Чемпионаттың үздік бомбардирі бұрынғысынша Никита Аноховский. "Сарыарқа" шабуылшысының еншісінде 54 (24+30) ұпай бар. Қаңтардағы статистикасын біршама жақсартқан "Алтай Торпедосының" өкілі Герман Шапорев Лиганың үздік сұрмергендерінің жарысында бірінші орынға шықты. Ол 26 гол соққан екен. Ал Владислав Кулиев чемпионаттың үздік ассистенті атағын әлі де сақтап қалды. Қарағандылық шабуылшы 33 рет әріптестерінің алға шығуына көмектесті.

Көшбасшылардан бірінші болып "Номад" келесі аптаның ойын бағдарламасын ашады. 1 және 2 ақпанда Өскеменде "Алтай Торпедомен" ойнайды. Бесінші орын алған "Торпедо" Нұр-Сұлтанда "Снежные Барсы" командасымен кездессе, "Арландар" Петропавлға 3 және 4 ақпанда "Құлагерге" (6-орын) қарсы матчқа аттанады. 7-8 ақпанда "Бейбарыс" Атырауда "Номадты" күтеді.

Сол күндері қос матчта "Барыстармен" "Арландар" Петропавлға 3 және 4 ақпанда "Құлагерге" (6-орын) қарсы матчқа аттанса, "Бейбарыс" Атырауда 7 ақпанда "Номадпен" кездеседі. Сондай-ақ "Сарыарқа" 7 және 8 ақпанда ағымдағы маусымның аутсайдері Павлодар қаласының "Ертіс" командасын қабылдайды.

Ермұхамед  Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу