ПСЖ "Реалды" жайпап өтті

218

Клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалы 13-нен 14 шілдеге қараған түні өтеді. Ойынның басталуы Қазақстан уақытымен түнгі 00:00.

ПСЖ "Реалды" жайпап өтті

Париждің "Пари Сен-Жермен" командасы клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Француз ұжымы жартылай финалда мадридтік "Реалды" тас-талқан етіп, 4:0 есебімен сенімді жеңіске жетті. Ойын 9 шілде күні АҚШ-тағы "Метлайф" стадионында өтті.

Кездесудің 6-минутында есепті Фабиан Руис ашты. Араға үш минут салып Усман Дембеле екінші голды соқты. 24-минутта Руис дубль авторы атанды. Ал 87-минутта Гонсалу Рамуш "Реалдың" қақпасына соңғы соққы жасады.

Финалда ПСЖ Лондонның "Челси" командасымен кездеседі. Ағылшындар 8 шілдеде өткен жартылай финалда Бразилияның "Флуминенсе" клубын 2:0 есебімен жеңді. Матчтың басты қаһарманы дубль жасаған Жоао Педро.

Биылғы клубтық әлем чемпионаты жаңа форматта өтіп жатыр. Турнирге алты құрлықтың үздік 32 командасы қатысуда. Доданың жалпы жүлде қоры – 1 миллиард доллар. Чемпионат 14 маусым мен 13 шілде аралығында АҚШ-та ұйымдастырылуда.

Финалда кім жеңіске жетеді? Жауабы 13 шілденің түнінде белгілі болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу