PTC Cargo қазақстандық операторы 1 миллион TEU межесін бағындырды

1317

Қазақстандық логистикалық оператор PTC Cargo маңызды өндірістік көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

PTC Cargo қазақстандық операторы 1 миллион TEU межесін бағындырды Фото: ұйымдастырушылардан

Компания іске қосылғаннан бері 1 млн TEU-дан астам жүк тасымалдады.

Жұмысын 2021 жылдың 17 наурызында бастаған компания алғашқы күннен-ақ елдегі контейнерлік тасымал нарығымен қатар тұрақты дамып келеді.

1 миллион TEU шамамен 11 100 толық құрамды контейнерлік пойыз деген сөз. Егер бұл пойыздарды тізіп қойса, ұзындығы 6 мың шақырымнан асады. Бұл Астанадан Мадридке дейінгі қашықтыққа тең.

PTC Cargo үшін 2025 жыл рекордтық кезең болды: тасымал көлемі 235 мың TEU-ға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 6,3%-ға артты. Бұл дегеніміз жылына 2 600-дей толық құрамды контейнерлік пойыз немесе орта есеппен күніне 7 пойыз. 

Компанияның өсу қарқыны Қазақстанның контейнерлік нарығының жалпы дамуынан да жоғары. Көлік министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы елдегі контейнерлік тасымал көлемі 4,2%-ға өсіп, 2,2 миллион TEU-ға жетті. Жүктерді контейнерлеу үлесі 6,7%-дан 8%-ға артып, ал теміржол жүк тасымалының жалпы көлемі 10,2%-ға өсіммен 466,7 миллион тонна болды.

Бұл рекордтық нәтижеге вагон паркін тиімді басқару, бағдарлық тасымалды дамыту және негізгі логистикалық тораптардың өткізу қабілетін арттыру арқылы қол жеткізілді.

Компания ұжымның сіңірген еңбегін ерекше атап өтіп, клиенттер мен серіктестерге сенімі мен ұзақ мерзімді ынтымақтастығы үшін алғыс білдірді.

1 миллион TEU межесін бағындыру – PTC Cargo тарихындағы маңызды белес әрі компанияның елдің көлік-логистика нарығында орнықты дамып келе жатқанының дәлелі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу