Джей Клейтонның сөзінше, Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың досы емес, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы ол Дональд Трамп Ресей басшысын көпшілік алдында "досым" деп атағаннан кейін айтып отыр.
Аталған жағдай Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) саммиті аясындағы кездесуде болған еді. Кейін АҚШ президенті әлеуметтік желідегі парақшасына екі басшының қол алысып тұрған суретін жариялап, осы сөзін тағы қайталады.
Трамптың бұл сөзі АҚШ-та қатаң сынға ұшырады. Сенаттағы демократтардың жетекшісі Чак Шумер президенттің мәлімдемесін "ұят" деп бағаласа, республикашыл сенатор Рик Скотт та ел күтпеген сөзді айтты.
Алғашында Джей Клейтон Трамптың сөзін ақтауға тырысып, ядролық державалар арасында дипломатиялық диалог жүргізудің маңызын алға тартқан-ды. Десе де, журналистің "Путин Американың досы ма?" деген төтесінен қойған сұрағына: "Украинадағы соғыс жағдайында ол Американың досы емес. Әрине, олай емес" деп нақты жауап берген.
Кейін CNN телеарнасының эфирінде Клейтон Дональд Трамптың сыртқы саясатына толық сенетінін атап өтті. Сондай-ақ, АҚШ, Ресей және Қытай арасындағы келіссөздерді "тарихи оқиға" деп бағалаған.