Путин қай елдерге бара алады?

1240

Халықаралық қылмыстық соттың тұтқындау туралы ордері Ресей президентінің 123 мемлекетке сапарын шектеп отыр.

Путин қай елдерге бара алады? Фото: AFP

Ресей президенті Владимир Путин бұл күндері қай мемлекетке баратынына сақтықпен қарауға мәжбүр. Халықаралық қылмыстық сотқа (ХҚС) мүше 123 елдің кез келгеніне сапар шегу оған "Украинада әскери қылмыс жасады"деген айыппен тұтқындалу қаупін төндіреді. Бұл ордер Путиннің сапарларын шектегенімен, оның немесе басқа да жоғары лауазымды ресейлік лидерлердің халықаралық құқық бойынша жауапқа тартылатына кепілдік бермейді. 

1. Әскери қылмыстар дегеніміз не?

Бұл - әртүрлі шарттарда, атап айтқанда, Женева конвенцияларында, 1864 -1949 жылдар аралығында жасалған келісімдер сериясында белгіленген соғысережелерін бұзу. Әскери қылмыстарға қасақан кісі өлтіру, азаптау, зорлау, аштықты қару ретінде пайдалану, қаруын тастап берілген жауынгерлерді ату,тыйым салынған химиялық және биологиялық қарулармен азаматтықнысандарға әдейі шабуыл жасау жатады. Дегенмен, Кремль РФ әскеріУкраинада мұндай заң бұзушылықтарға барды деген айыптауларды үнемі жоққа шығарып келеді.

2. Путин не үшін айыпталып отыр?

17 наурызда берілген қамау туралы ордерінде Гаагадағы ХҚС Путин мен оның балалар құқықтары жөніндегі комиссары Мария Алексеевна Львова-Белованы соғыс басталғалы Украинадан Ресейге балаларды заңсыздепортациялады деп айыптады. Адам құқықтары жөніндегі сарапшылар тамызайының соңына дейін 19 мыңнан астам жеткіншектің Ресейге әкетілгенін айтады. Бірақ ресейлік шенеуніктердің сөзінше, олар украиналық балалардыгуманитарлық ниетпен қабылдаған.

3. Ордер Путиннің сапарларына қалай әсер етті?

ХҚС ордер жариялағалы, Путин осы сотқа мүше емес мемлекеттерге – Қытай мен бұрынғы кеңестік республикалар - Беларуське, Қазақстанға жәнеҚырғызстанға, сондай-ақ Украинаның Ресей басып алған аймақтарына барып жүр. Олардан басқасына Путин барған емес. Кремль 6 желтоқсанда РФ лидерінің Біріккен Араб Әмірліктері мен Сауд Арабиясына аттанатынын және бұл елдердің де ХҚС-ға кірмейтінін айтты. 

Айта кетсек, Путин Оңтүстік Африкада тамыз айының ортасында өткен БРИКС саммитін қатыса алмады. Өйткені бұл мемлекет те - Халықаралық қылмыстық сотттың мүшесі. 

4. ХҚС қандай қылмыстарды тергеп жатыр?

ХҚС Украинаға өз құзырына жататын қылмыстарды тергеу үшін 42 адамнан тұратын топты жіберді. Әскери қылмыстардан бөлек, ХҚС адамзатқа қарсы қылмыстар мен геноцидті тергейді. Біріншісі бейбіт тұрғындарды өлтіру, құлдыққа жегу, жер аудару, түрмеге жабу, зорлау және апартеид сияқты әрекеттер ретінде анықталады. Геноцид БҰҰ-ның 1948 жылғыконвенциясында "ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топты толығымен немесе ішінара жоюға" бағытталған нақты әрекеттер ретінде сипатталған. Украина президенті Владимир Зеленский Ресейді геноцид жасады деп айыптап, Путин Украинаның ұлт ретінде өмір сүруін тоқтатпақшы деп мәлімдеді.

5. Путинді немесе басқа да ресейлік шенеуніктерді соттау перспективасы қандай?

ХҚС сырттай тергеуге рұқсат бермейді және де бұл соттың Путинге немесеоның көмекшілеріне қол жеткізуі екіталай. ХҚС Путинді қамау үшін өзіне мүше мемлекеттердің көмегіне сүйене алады және айыпталған ресейлікшенеуніктер ұсталмау үшін мұндай елдерге бармауға тырысады. Тағы бір айта кететін жайт, ХҚС әскери қылмыстар бойынша іс қозғаған жиырма адамның үштен бірі бостандықта жүр. Айыпталғандар саяси немесе мемлекеттік әскери жетекшілер емес, - қарулы топтардың мүшелері. Төртеуі ғана ірі жетекшілер. Олар - Ливия генералы, Суданның экс-президенті Омар әл-Башир және оның екі министрі. Бұлардың ешқайсысы ХҚС-қа тапсырылмаған. Балқан мен Руандада айуандық үшін көптеген саяси лидерлер қудаланды, бірақ бұл трибуналдарды Ресейдің вето құқығы бар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі құрғаны белгілі.

6. Украинаның позициясы қандай?

Бірқатар елдердің, соның ішінде АҚШ-тың көмегімен Украина басшылығы соғыстың басында әскери қылмыстар туралы айғақтарды жинай бастады. 2023 жылдың ортасына қарай олар 80 000 іс қозғады. Бірінші сот отырысында Украина соты қарусыз бейбіт тұрғынды өлтірген ресейлік сарбазды өмір бойына бас бостандығынан айырды. Екіншісінде оқу нысанын атқылағаны үшін екі сарбаз 11,5 жылға сотталды. The Conversation журналында жарияланған түсіндірмесінде Халықаралық заңгерлер комиссияларының президенті Роберт Голдман Украинаның бұл әрекеттеріне халықаралық құқық бойынша рұқсат етілгенін, бірақ олардың ақылға қонымсыз екенін атап өтті. Және де Голдман Халықаралық Қызыл Крест комитеті соғыс қимылдары кезінде айыпталушының өзін қорғауды дұрыс дайындай алмауы мүмкін екендігін алға тартып, мұндай сот процестерін өткізбеген абзал деп есептейді.

7. Бұрынғы әскери қылмыстар қалай тергелді?

Халықаралық қылмыстық сот төрелігінің алғашқы жылдарында одақтас державалар Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін неміс және жапон басшыларын соттап, жазалап, кейбіреулерін өлім жазасына кесті. Одақтастар өздеріне соғыс қылмыстары үшін айыптаудан иммунитет алғандықтан, бұл трибуналдар жеңімпаздардың соты ретінде сынға алынды. Бұндай мүдделер қақтығысына енді жол бермеу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі 1990-шы жылдардағы Балқандағы және Руандадағы зұлымдықтарды тергеу үшін тәуелсіз халықаралық трибуналдар құрды. 

ХҚС 2002 жылы Рим статуты деген атпен дүниеге келді. Ресей мен Қытайдан басқа, оған қол қоймаған елдер арасында Үндістан мен АҚШ бар. Олар өз азаматтарын бұл соттың юрисдикциясына беруді олардың конституциялық құқықтарын бұзу деп есептейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу