Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлесті

Ресей және АҚШ президенттерінің байланысқа шығуы 9 наурыз күні кешқұрым уақытта басталған. 

Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлесті Фото: news-pravda.com

ТАСС басылымының жазуынша, мұндай ақпаратты БАҚ өкілдеріне Ресей президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Бүгін кешке Ресей және АҚШ президенттері телефон арқылы сөйлесті, – деп мәлімдеді ол. 

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ көшбасшысы Дональд Трамптың телефонмен сөйлесуі – екі айдан аса уақыттағы алғашқы әңгіме. Сондай-ақ, бұл – АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылынан кейінгі бірінші байланыс орнатуы. 

Ушаков сөйлесуді ашық, іскер және конструктивті деп сипаттап отыр. Десе де, ол байланыстың қанша уақытқа созылғанын нақтыламады. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың сөзінше, мұны әдетте ресейлік және америкалық көшбасшылар арасындағы диалогтың қалыпты форматы деуге әбден болады. 

Осыған дейін АҚШ Ресей мен Украина арасындағы ушыққан жағдайды шешу үшін жақын арада Зеленский мен Путиннің жеке кездесуін өткізуі мүмкін екені айтылды. АҚШ-тың арнайы елшісі Уиткофф келіссөздерге Трамп та қатысуы ықтимал болатынын жасырмады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу