Путин Пасха мерекесіне орай атысты уақытша тоқтатты

316

Мұндай ұсыныс Украина тарапынан түскен.

Путин Пасха мерекесіне орай атысты уақытша тоқтатты Фото: Риа Новости

Ресей президенті Владимир Путин православ христиандары тойлайтын Пасха мерекесіне орай Украинамен уақытша бітім жариялағанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

Уақытша бітім 11 сәуір күні Мәскеу және Киев уақыты бойынша сағат 16:00-ден басталып, 12 сәуірдің аяғына дейін жалғасады. Бұл туралы  бейсенбі күні Кремль сайтында хабарланды. Мәлімдемеде көрсетілгендей, қорғаныс министрі Андрей Белоусов пен Ресей Қарулы күштері Бас штабының бастығы Валерий Герасимовке ұрыс қимылдарын "барлық бағытта" уақытша тоқтату тапсырылған. 

"Әскер қарсы тараптың ықтимал арандату, кез келген агрессивті әрекеттерін тойтаруға дайын болуы тиіс. Украина тарапы да осындай шешім қабылдайды деп сенеміз", – делінген хабарламада.

Бұл ретте 9 сәуір күні Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Пасхаға байланысты атысты тоқтату шешімі қабылданбағанын мәлімдеген болатын.

Сәуір айының басында Украина президенті Владимир Зеленский Киевтің Мәскеуге Пасха кезінде уақытша бітімге келуді бірнеше рет ұсынғанын айтқан болатын. Тиісті ұсыныстар наурыз айының соңында айтыла бастағаны белгілі болды. Бірақ Ресей тарапы сол уақытта бұл бастамаға бірден қолдау білдірмеді.

Былтыр да Пасха мерекесіне орай екі ел уақытша келісімге келген болатын. Ұрыс қимылдарын тоқтату туралы бітім 19 сәуірден басталып, 21 сәуірге дейін жалғасты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу