Кездесу өзара құрметке толы болды. 2 сағат 45 минутқа созылған жабық келіссөздерден соң, баспасөз жиыны ұйымдастырылды. Онда Владимир Путин – 8 минут, ал Дональд Трамп 4 минут сөйледі.
Владимир Путин баспасөз жиынындағы сөзін ұшақтан түскендегі әңгімеден бастады, яғни, сәлемдескен сәтінен.
"Сәлеметсіз бе, құрметті көрші! Сізді сау-саламат, аман-есен көргеніме қуаныштымын", – деген ол Трампқа.
Осылайша, Владимир Путин Дональд Трампқа Аляскаға шақырғаны үшін алғысын білдіріп, Ресей мен АҚШ тарихи көрші екенін, араны небәрі 4 шақырымдық мұхит суы бөліп жатқанын айтты.
Сондай-ақ, кеңестік ұшқыштардың жерленген жеріне құрметпен қарағаны үшін АҚШ билігіне ризашылығын жеткізді.
Сонымен қатар, Ресей мен АҚШ-тың жоғары деңгейдегі кездесулері соңғы 4 жыл бойы өткізілмегенін еске салды.
"Бұл – ұзақ уақыт. Ашығын айтсақ, біздің қарым-қатынасымыз суық соғыс уақытынан бері ең төменгі деңгейге жетті", – деді Путин.