banner

Путинцева Charleston Open турнирінің екінші кезеңіне өтті

1471

WTA рейтингінде 46-орында тұрған Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Чарльстондағы (АҚШ) турнирді жеңіспен бастады.

Путинцева Charleston Open турнирінің екінші кезеңіне өтті

Ол бірінші айналымда америкалық Робин Андерсонмен (178-орын) кездесіп, екі сетте 6:2, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Екінші айналымда Путинцева АҚШ-тың тағы бір өкілі Аманда Анисимовамен (47-ші) ойнайды. 1/16 финал елорда уақытымен бүгін 20:00-де басталады. Айта кетейік, Анисимова жарыстың алғашқы айналымында отандасы Сачия Викериді (244-ші) тізе бүктірген болатын.  

Чарльстонда өтіп жатқан WTA турнирінің биылғы жүлде қоры 899 500 долларды құрайды. Жеңімпаз 158 800 доллар мен 470 рейтингтік ұпайға ие болады.

Ал Дмитрий Попко Португалияда Ойэраш корттарында өтіп жатқан, жүлде қоры 45 мың еуродан асатын Челленджерде жекелей сында екінші айналымға шықты. Ол Чехия өкілі Далибор Свричныйдан айласын асырды. Қорытынды есеп – 6:4, 3:6, 6:4. Енді ширек финалға шығу үшін қазақстандық теннисші венгриялық Джомбор Пирошпен сынға түседі.

Өкінішке қарай, бұл жарыста жекелей сында өнер көрсеткен екі қазақстандық теннисші – Денис Евсеев пен Тимофей Скатов жарыстан шығап қалды. Евсеев Венгрия спортшысы Фабиан Марозжанды жеңе алмады – 2:6, 3:6. Ал Скатов тәжірибелі чех теннисшісі Лукаш Росолдан жеңіліп қалды – 6:7, 6:7.

Евсеевтің жекелей жарыста жолы болмағанымен, ол жұптық сайыста Челленджердің ширек финалына шықты. 1/8 финалда Денис Евсеев (жұптық сайыста 389-орында) пен Гленн Смитс (335-орында) чех дуэті Марек Генгель (236-орында) / Лукас Росолмен (272-орында) кездесіп, екі сетте жеңіске жетті - 6:3 , 6:2. Евсеев пен Смитс ширек финалда Тиаго Касау / Фабио Коэльо және Марко Бортолотти / Арджун Кадхе арасында өтетін матчтың жеңімпазымен ойнайды.

Оэйраштағы турнирдің жүлде қоры 45 730 еуроны құрайды. Жеңімпаз 2670 еуро мен 80 рейтингтік ұпайға ие болады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу