Путинцева жаңа маусымды жеңіспен бастады

1608

Әйелдер арасында Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева сәрсенбіде Абу-Даби WTA ашық біріншілігінде қазақстандық теннисшілер арасынан бірінші болып жекелей сайыстың екінші айналымына өтті.

Путинцева жаңа маусымды жеңіспен бастады

Путинцева, еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина сияқты Абу-Дабиде WTA 500 сериялы турниріне жолдама алды. Юлияның алғашқы айналымдағы қарсыласы Италияның екінші, ал әлемнің 85-ракткасы Мартина Тревизан болды.

Қарсыластар бұрын-соңды бір-бірімен кездескен емес. Италиялық теннисші кездесуді қарқынды бастады. Ол Путинцеваның  соққыларын қайтарып, бірінші ойында есепті теңестірді. Содан кейін қарсыластар қайтадан ұпайлармен алмасып, бірінші сеттің нүктесі қойылды. Қазақстандық теннисші басымдылығын арттырып, минималды 3:2 есебімен алға шықты. Осыдан кейін Путинцева қарсыласына бір гейм жеңілді. Ал Тревизан допты ойынға қосқаннан кейін жерлесіміз геймде тағы үш ұпайға ие болды. Осылайша алғашқы партия 6:3 есебімен аяқталды.

Екінші партия да дәл осы сценариймен өрбіді. Нәтижесінде 6:3 есебімен аяқталған кездесуде Юлия Путинцева жеңіске жетіп, екінші кезеңге жолдама алды.

Абу-Дабидегі жарыстың екінші айналымында Путинцева Барбара Крейчикова-Джейми Лоэб жұбының жеңімпазымен кездеседі.     

Сондай-ақ Антальядағы ATP 250 сериялы - Antalya Open ерлер арасындағы турнирінде қазақстандық Андрей Голубев іріктеудің бірінші айналымында жарыстан шығып қалды. Ол словакиялық Алекс Молчанмен кездесіп, оған 2: 6, 5: 7 есебімен жеңілді. Бір сағат 16 минутқа созылған матч кезінде Андрей төрт эйс жасап, төрт рет қателік жіберді.      

Естеріңізге сала кетсек, Голубев аталған турнирде ерлер арасында іріктеуден өтпей қалған жалғыз қазақстандық теннисші. Ендігі үміт еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бубликте. Ол жеребе бойынша 7-қаңтарда ашылу матчында италиялық Сальваторе Круземен (әлемдік рейтингте 76-шы орын) кездеседі. Сол турнирдің жұптық жарысында қазақстандық Александр Недовесов украиналық Денис Молчановпен жұп болып өнер көрсетеді. Бірінші айналымда олар финдер Харри Хелиоваара мен Эмиль Руусувуоримен кездеседі. Сонымен қатар, қазақстандық дуэт Александр Бублик / Андрей Голубев Давид Гоффен (Бельгия) / Пьер-Юг Эрбер (Франция) жұбына қарсы сынға түседі.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу