Qazaq Oil франшизаны кеңейтіп, Түркістан облысында ірі жанармай құю желісін ашты

927

Түркістан облысының Ордабасы ауданында Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізі бойында Qazaq Oil брендіне тиесілі франшизамен жұмыс істейтін Қазақстандағы ірі жанармай құю кешені ашылды. 

Qazaq Oil франшизаны кеңейтіп, Түркістан облысында ірі жанармай құю желісін ашты Фото: Qazaq Oil

Жаңа нысанды "M-Trade-19" серіктесі жүзеге асырған және бұл жоба еліміздегі жол бойы сервисі саласындағы ең ауқымды инфрақұрылымдық жобалардың біріне айналды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кешен алаңы 2 гектар болатын аумақта орналасқан. Ғимараттың жалпы ауданы 1245 шаршы метрге тең. Жанармай құю станциясында 10 бензин және 8 дизель отын тарататын бағаналар жұмыс істейді. Бұл аймақтағы негізгі транзиттік бағыттардың бірі арқылы өтетін жеңіл және жүк көліктерінің үлкен ағынына қызмет көрсетуге септігін тигізеді.

Жаңа станцияда келушілер үшін қажетті қызмет түрлері бар. Атап айтқанда, үлкен маркет, кофехана аймағы, балалар алаңы, намазхана, жуыну бөлмелері, кір жуу орны, кең санитарлық аймақтар және электромобильдерге арналған қуаттау бекеттері орналасқан. Жоба жанармаймен қамтамасыз етуден бөлек, саяхатшылар мен алыс рейстегі жүргізушілер үшін заманауи инфрақұрылым құруды да көздейді.

Жобаның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қонақтарға дастархан жайылып, ұлттық аспаптардың әуенімен өрілген музыкалық бағдарлама ұсынылды. Бұдан бөлек мерекелік шатыр тігіліп, қонақтарға түрлі тағамдар ұсынылды, сонымен қатар сыйлықтар ойнатылды.

Qazaq Oil франчайзинг бағыты компанияның стратегиялық басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

"Бүгінгі таңда Қазақстанда Qazaq Oil франшизасымен 50-ден астам жанармай құю станциясы жұмыс істейді әрі бұл бағыт белсенді дамып келеді. Бірыңғай жұмыс стандарттары, жанармай мен сервистің тұрақты сапасы, серіктестерге көрсетілетін кешенді қолдау нәтижесінде кәсіпкерлер тарапынан үлкен қызығушылық байқалып отыр", – деп хабарлады компания.

Эркин Музраповтың айтуынша, Qazaq Oil компаниясымен әріптестік бизнестің дамуында маңызды фактор болды.

"Біз 2023 жылдан бері Qazaq Oil компаниясымен жұмыс істейміз және бұл серіктестікке дән ризамыз. Компания уақытылы жеткізіліммен қамтамасыз етіп, сұраныстарға жедел жауап береді әрі барлық жұмыс мәселелері бойынша жоғары деңгейде қолдау көрсетеді. Біз үшін бұл сенімді және кәсіби серіктес", – деді Эркин Музрапов.

Qazaq Oil компаниясына франчайзимен серіктестік өңірлердегі қатысу аясын кеңейтуге, ел бойынша жол бойы сервисінің бірыңғай стандарттарын дамытуға мүмкіндік береді. Түркістан облысындағы жаңа нысан жеке инвестициялар мен ірі брендтің бірлесе отырып, Қазақстанның негізгі көлік бағыттарында заманауи инфрақұрылым қалыптастырып жатқанын көрсететін мысалдың біріне айналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу