Бұл күні компания басшылары костюмдерін шешіп, жанармай құю станцияларындағы операторлар мен кассирлердің жұмысын атқарады.
Аталған дәстүр жылына екі рет, қызмет көрсету сапасын арттыру және командалық рухты нығайту бағытында өткізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Бұл акция жай ғана символдық қадам емес, ол – маңызды дәстүр. Ынтымақ күні қызметкерлеріміздің күнделікті қандай міндеттермен бетпе-бет келетінін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Мұндай тәжірибе адамдарды жақындастырып, жұмыс үдерістерін жақсартуға көмектеседі және жаңа идеялардың тууына жол ашады, – деді Qazaq Oil компаниясының қаржы директоры Жасын Тажкеев. – Мысалы, дәл осы АЖС-те жанармай шлангтары ұзартып орнатылған, бұл – көлікті қай жағымен келсе де жанармай құюға мүмкіндік береді. Бұл кептелісті азайтады. Мұндай идея да дәл осындай күндердің бірінде пайда болған.
Бүгін компанияның еліміз бойынша барлық кеңсе қызметкерлері тек жанармай құю колонкасы маңында ғана емес, кассада да жұмыс істеді: хот-дог әзірледі, клиенттерге қызмет көрсетті, сауда залдарында көмектесті.
Рөл алмасу – әркімнің еңбегі маңызды екенін еске салады. Компания жетістігі – бүкіл ұжымның үйлесімді жұмысының нәтижесі.
– Ынтымақ күнінде басшылар бізбен бірге қатар жұмыс істеді. Бұл ресми емес, бірақ өте құнды қадам. Ол әр қызметкердің маңызды екенін, ал "орында" атқарылатын жұмыс – жай ғана міндет емес екенін көрсетеді, – деп қосты компания өкілі.