Р.Григорчук: Алдымен "Валеттаны" өтіп алайық

2833

"Астана" бас бапкерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Р.Григорчук: Алдымен "Валеттаны" өтіп алайық

"Астана" командасының бас бапкері Роман Григорчук тілшілер сауалына жауап беріп, "Валеттаға" қарсы матч жайлы ойын білдірді.

- Келесі кезеңде ойнайтын қарсыластар белгілі болыпты. "Батэ" де, "Сараево" да өте жақсы ұжымдар. Біз бұл екеуінің кез-келгенімен ойнай аламыз. Шамалары таныс ұжымдар. Дегенмен олар туралы ойламас бұрын "Валеттаны" өтіп алайық. Себебі "Санта-Коломаның" өзін өз алаңымызда ғана жеңіп, зорға өттік. Сырт алаңда тең түстік. Сондықтан да Мальтаның командасын есептен ерте сызуға болмайды.

- Өткен ойында алаңға алмасып кірген Томасов хет-трик жасады. Ол ертеңгі ойында негізгі құрамда шығатын шығар. Сосын Марин Аничичтің командадан кетуі қалай әсер етуі мүмкін?

- Марин Томасов алаңға алмасып кірудің үлгісін көрсетті. Ойыншылар алаңға кірісімен жылдам шешімдер қабылдап, ойынды одан әрі дамытуы керек. Оған артылып тұрған сенім көп. Соңғы кездері біз оған әдейі демалыстар беріп жүрміз. Себебі, ол бізге керек футболшы. Ал Аничич Марин туралы айтар болсам оның орнын жоқтатпайтын футболшылар бар. Мысалы, Постников, Логвиненко және жақында келген Томашевич. Жарко әлі командаға сіңісіп үлгерген жоқ, дегенмен ол өте мықты қорғаушы. Алғашқы жаттығуынан-ақ байқадық.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу