Рамазан Әйнегов жасөспірімдер Олимпиадасында қола медаль жеңіп алды

150

Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті.

Рамазан Әйнегов жасөспірімдер Олимпиадасында қола медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Қазақстандық триатлоншы Рамазан Әйнегов Сенегалдың Дакарда қаласында  өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отандасымыз жарыс қашықтығын 53 минут 27 секундта еңсерді. Ол жапониялық Дайки Нисидзакимен бірдей уақытта мәреге жетіп, үшінші орынды өзара бөлісті. Екеуі де жеңімпаздан 14 секундқа қалып қойды.

Португалиялық Артур Гашпар 53 минут 13 секунд нәтижесімен алтын медаль иеленсе, Люксембург өкілі Эмиль Ванолст 53 минут 23 секундта мәреге жетіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының жасөспірімдер Олимпиадасындағы медаль саны екіге жетті. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева 52 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу