"Реал Мадрид" президенті Қайрат Боранбаевты арнайы шақырып, қонақ қылды

1526

Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

"Реал Мадрид" президенті Қайрат Боранбаевты арнайы шақырып, қонақ қылды Фото: instagram/@kairat4

"Қайрат" футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Мадридте "Реал" президенті Флорентино Переспен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қайрат Боранбаев Испания астанасына УЕФА-ның әлеуметтік және экологиялық тұрақтылық жөніндегі комитеті төрағасының екінші орынбасары ретінде жұмыс сапарымен барған. Ол сапар барысында "Реал" мен "Сельта" арасындағы матчты тамашалады.

Кәсіпкердің сөзінше, былтыр "Реал Мадрид" Алматыға келгенімен, клуб президенті Флорентино Перес командамен бірге келе алмаған. Сондықтан бұл жолы Перес Қайрат Боранбаевты Мадридте қонаққа шақырған.

Кездесу барысында Перес Боранбаевқа "KAIRAT 1" деген жазуы бар футбол жейдесін сыйлады. 

"Мұндағы бірінші нөмір кім екенін білмеймін: мен бе, әлде "Қайрат" футбол клубы ма? Меніңше, екіншісі", – деп әзілдеді Боранбаев. 

Боранбаев "Қайраттың" соңғы бір жылдағы жетістіктеріне де тоқталды. Оның пікірінше, алматылық команданың Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуы мен Еуропада танылуы клуб академиясы мен жүйелі жұмыстың нәтижесі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу