"Реал Мадрид" қақпашысы жарақат алды

251

Енді Лунин алматылық клубқа қарсы өтетін матчқа қатыса ала ма, жоқ па, белгісіз.  

"Реал Мадрид" қақпашысы жарақат алды

Мадридтік "Реалдың" қақпашысы Андрей Лунин жарақат алып, Украина құрамасына 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчтарда көмектесе алмайды.

AS.com мәліметінше, қақпашы ұлттық құраманың базасынан шығып, Мадридке оралды. Оның орнына Украина құрамасының бапкерлер штабы Сауд Арабиясының "Аль-Шабаб" клубында ойнайтын Георгий Бущанды шақырды.

Лунин "Реалдың" "Мальоркаға" қарсы соңғы матчы алдында жаттығу кезінде өзін жайсыз сезінген. Ол толықтай қалпына келмегендіктен, Украина құрамасының бас бапкері Сергей Ребров оны Испанияға қайта жіберіп, емін жалғастыру туралы шешім қабылдады.

Осылайша Лунин 5 және 9 қыркүйекте өтетін Украина құрамасының Франция және Әзербайжанға қарсы матчтарына қатыспайтын болды.

Украиналық қақпашының 30 қыркүйекте Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында өтетін алматылық "Қайратқа" қарсы сырт алаңдағы ойынға дейін қатарға оралу-оралмауы әзірге белгісіз. Мадридтік клубтың негізгі қақпашысы әлі де Тибо Куртуа екенін айта кетейік. Өткен маусымда Лунин "Реал" сапында 14 матч өткізіп, 19 гол жіберіп алған және алты ойында қақпасын "құрғақ" сақтап қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу