"Реал Мадрид" өз алаңында "Алавестен" жеңіліп, 10 ойындық жеңісті ертегісі аяқталды

324

Мадридтік "Реал" Испания чемпионатының 14-турында өз алаңында "Алавеске" есе жіберді. Кездесу қонақтардың 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Реал Мадрид" өз алаңында "Алавестен" жеңіліп, 10 ойындық жеңісті ертегісі аяқталды Фото: marca.com

Ойынның 22-минутында "Алавес" шабуылшысы Тони Мартинес есеп ашты. Екінші таймда, кездесудің 61-минутында Анхель Перес қонақтардың басымдығын еселей түсті.

69-минутта Килиан Мбаппе гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. Алайда мадридтік команда қалған уақытта таразы басын теңестіре алмады.

Кездесудің 88-минутында "Реалдың" жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды.

Осылайша, мадридтік клубтың барлық турнирдегі қатарынан 10 матчқа созылған жеңісті сериясы үзілді. Сондай-ақ бұл "Реалдың" биылғы маусымда өз алаңында тіркелген алғашқы жеңілісі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу