Ресей астанасында сары қауіп деңгейі жарияланды

537

Аймақта қар аралас жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. 

Ресей астанасында сары қауіп деңгейі жарияланды Фото: Константин Кокошкин / Global Look Press

Ресейдің Гидрометеоорталығы Мәскеу мен Мәскеу облысында ауа райына байланысты "сары" қауіп деңгейін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Гидрометеоорталықтың таратқан мәліметіне сәйкес, Солтүстік Атлантика циклондарының фронтальды аймақтарының өтуіне байланысты 26 сәуір сағат 15:00-ден 28 сәуір сағат 21:00-ге дейін Мәскеу мен Мәскеу облысында жауын-шашын күтілуде. Кей жерлерде қар аралас жаңбыр және қар жаууы мүмкін. Салдарынан сымдар мен ағаш бұтақтары зақымдалып, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал. Сондай-ақ жел күшейіп, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді деген болжам жасалып отыр.

Ескертуде айтылғандай, Мәскеуде 26 сәуірде жаңбыр жауып, кейін ол қар аралас жаңбырға ұласуы мүмкін. 27 сәуірде жауын-шашын негізінен дымқыл қар түрінде болады.

Мәскеу облысында да 26 сәуірде жаңбыр жауып, кейін қарға ұласады. 28 сәуірге қараған түні облыстың кей аудандарында қалың қар жаууы мүмкін.

"Сары деңгей" ауа райының ықтимал қауіпті екенін білдіреді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу