Ресей кәсіпкері Павлодарда дизель отынын шығаратын зауыт салмақшы

2460

Жобаның құны – 1,772 млрд теңге, оның 70%-ын Қазақстан береді.

Ресей кәсіпкері Павлодарда дизель отынын шығаратын зауыт салмақшы

"Осыған ұқсас жоба былтыр Степногорск қаласында іске қосылды. Ол жерде мұнай өнімдерін каталитикалық жолмен өңдеу арқылы жазғы дизель отынынан қысқы дизель отыны алынады. Бұл жобаға инновациялық технологияларды, яғни дизель отынын парафиннен арылтуды қолданамыз деп отырмыз. Бұл – 55 градуста жұмыс істейтін қысқы немесе арктикалық отын өндіретін технологиялық жабдық. Қазақстанда мұндай жабдық жоқ", – деп әңгімеледі "Alef Trade" ЖШС құрылтайшысы Қайырлы Ғалиев abctv.kz-ке берген сұхбатында.

Жобаның құны 1,772 млрд теңгеге бағаланды, оның 30%-ы өз қаражаты. Несиеге алынған ақша 5 жыл ішінде қайтарылады деп жоспарланып отыр. Болашақтағы кәсіпорынның жылына 30 мың тонна өнім өндіреді, сонымен бірге бұл жерде жылына 1200 тоннаға дейін А-92 маркалы бензин алу жоспарланып отыр. Осы жердегі технологияны қолданудың арқасында өнімнің өзіндік құны дизель отынын нарықтық бағадан төмен бағаға сатуға мүмкіндік беретініне ресейлік бизнесмен сенімді. Осы орайда ол тек Қазақстан нарығын ғана есепке алып отыр.

"Қазақстанға жүз пайыз сапалы қысқы отын Ресейден әкелінеді. Павлодар мұнай химия зауыты маусымаралық отынды ғана шығарады. Сондықтан нарық бос. Мен бұл нарықта 1990 жылдан бастап істеймін, бұл мәселені бұрыннан қарастырып жүрмін. Бұл істі бастауға идеяны РФ мемлекеттік думасындағы сарапшылар кеңесінде жұмыс істеп жүрген кезде өз әріптестерімнен алдым. Ресей ғалымдары Қазақстанның МӨЗ-ден шығатын отынның барлық түрін тексерді. Соның ішінде ең жақсысы ПМХЗ өнімі болды", – дейді кәсіпорын құрылтайшысы.

Құрылтайшы зауыт құрылысын салуды бұрыннан ойластырғанын айтады. Ол біздің елдің нарығына 10 жылдан бері ЖЖМ, соның ішінде қысқы дизель отынын жеткізумен айналысады екен. Соңғы 3 жылда оның компаниясы Павлодар облысының аумағындағы ірі кәсіпорындарды, соның ішінде Бозшакөлді мұнай өнімдерімен қамтамасыз еткен. Қажеттіліктің бар екенін түсінген ресейлік бизнесмен Бозшакөлге жақын жерде шағын зауыт салуға тәуекел етеді.

"Жобаны мәскеулік инжинирингтік компания, ғылыми әзірлемені элементарлық химия зерттеу институты әзірледі. Зауыт жасалып, Шідерті кентінің аумағына әкелініп қойылған. Шідерті кентінде жеріміз бар, келешекте сол жерді алғымыз келеді. Қазақстанда жер гранты деген заң бар, осыған сәйкес жаңа өндіріс салған компания жерді меншігіне тегін ала алады", – дейді жоба басшысы.

Қайырлы Ғалиев келтірген сарапшылардың бағалауына сүйенер болсақ, Қазақстанның қысқы дизель отынына сұранысын қанағаттандыру үшін тағы 10-12 зауыт керек. Қазақстан халқы жылына орташа есеппен 40 мың тонна қысқы отын тұтынады. Жобаны іске асыру үшін 2 жыл керек, егер құрылыстың басталар уақытына дейін қажетті барлық рәсім жасалатын болса, онда Ресей жағы бұл мерзімді 1 жылға дейін қысқартқысы келіп отыр. Зауыт жобасын несие мөлшерлемесін субсидиялау бойынша "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасына, сонымен бірге технология трансфертін қайтару және технологиялық үрдістерді жетілдіру бойынша "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ және "Қазақстан индустриясын дамыту институты" АҚ-тың мемлекеттік бағдарламасына қосу талап етіліп отыр. Осы бағдарлама бойынша мемлекет жобаны 40%-ға дейін қаржыландырады.

"Өндірісті жыл соңына дейін іске қосуға мүмкіндік те, тәжірибе де бар. Кадр мәселесін айтар болсақ, оларды Ресейде оқыту туралы уағдаластық бар. Наурыз айының соңына қарай жобаға сараптама жасалады деп күтіп отырмыз, содан кейін қаржыландыруға кірісеміз. Алда Еуро-5 стандартындағы отынды өндіру де ойымызда бар. Қазірдің өзінде әзірлеме бар", – дейді Қайырғали Ғалиев.

Облыс әкімі Болат Бақауовтың айтуынша, бұл – облыстағы мұнай-химия саласын дамытуға қатысты қолға алынып отырған жобалардың бірі.

"Арнайы экономикалық аймақты құрған кезде бұл жер мұнай-химияны өңдейтін аймақ болатынын айтқан едік. Бүгінгі күні бұл жобаға қызығушылық танытып отырған кәсіпкерлер де бар. Мұндай өндіріс орнын салу– біздің өңір үшін өте қажет жоба. Қыстыгүні тіпті қоғамдық көліктің де жанармайы қатып қалатын кез болады", – дейді аймақ басшысы.

Марина Попова, Павлодар

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу