"Ресей, Өзбекстан, Түркия": Қазақстан көмірі қай елдерге экспортталатыны белгілі болды

211

Республикадағы көмір қоры 33,6 млрд тоннаға тең. 

"Ресей, Өзбекстан, Түркия": Қазақстан көмірі қай елдерге экспортталатыны белгілі болды Фото: ria.ru

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылы елімізде 128,9 млн тонна көмір өндіру жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстанда көмірдің айтарлықтай қоры бар және ол бойынша әлемде 10-орында. Қазіргі кездегідей өндіру көлемі болған жағдайда, көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді. Көмірдің ірі кен орындары Орталық Қазақстанда орналасқан Қарағанды көмір бассейні, Торғай көмір бассейні, Шұбаркөл, Жалын кен орындары. Солтүстік-Шығыс өңірі: Екібастұз көмір бассейні, Майкүбі көмір бассейні, Қаражыра кен орны", – деді Ерлан Ақкенженов.

Еліміздегі көмір қоры 33,6 млрд тоннаны құрайды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 115,9 млн тонна көмір өндірілді. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 7%-ға артық.

"Коммуналдық-тұрмыстық мақсаттарға және ішкі тұтынуға 85,9 млн тонна пайдаланылды, ал көмір экспорттау 30 млн тоннаға жетті. Көмір экспорттаудың негізгі бағыттары: Ресей Федерациясы, Польша, Өзбекстан, Түркия, Үндістан және Малайзия және т.б. 2026 жылы 128,9 млн тонна деңгейінде көмір өндіру жоспарланады", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу