Ресейде бензинге қатысты жағымсыз жаңалық жарияланды

597

Бұл шара нарықтағы жағдайды тұрақтандыру үшін қажет екені айтылды. 

Ресейде бензинге қатысты жағымсыз жаңалық жарияланды Фото: РБК

Ресей мұнай өнімдерін өндірушілер үшін бензин экспорттауға уақытша шектеу қойды. Бұл шешім осы жылдың 31 тамызына дейін күшінде болады. Тиісті ақпарат көрші ел үкіметінің Telegram-арнасында жарияланған, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін бұл тыйым тек өндіруші емес компанияларға қатысты болды. 

Үкімет бұл қадам ішкі нарықтағы жанармай тапшылығын болдырмау, әсіресе жазғы маусымдағы жоғары сұраныс пен ауыл шаруашылығы жұмыстары кезінде тұрақты ахуалды қамтамасыз ету үшін қажет екенін атап өтті. Қаулыға қол қойылды. Ресми құжатқа сәйкес, тыйым 29 шілдеден бастап күшіне енеді.

Бұған дейін ТАСС агенттігі министрліктер 1 тамыздан бастап өндірушілерге де бензин экспорттауға тыйым салу мәселесін қарастырып жатқанын хабарлаған еді. Ол кезде тыйым мерзімі 1-2 ай болуы мүмкін деп айтылған.

Ресейдің вице-премьері Александр Новак бұған дейін қажет болған жағдайда өндірушілерге де бензин экспорттауға толық тыйым салынуы мүмкін екенін айтқан. Бұл үшін жауапты органдар жанармай нарығындағы жағдайды саралауы тиіс болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу