Онда ҚФФ бас бапкердің отставкасын өкінішпен қабылдап, шешіміне құрметпен қарағаны айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Талғат Маруаұлы Байсуфиновтың Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен ресми түрде кетті.
– Команда тізгініндегі жұмысы барысында Талғат Байсуфинов құрамадағы барлық кезеңдері арасында ең үздік нәтижені көрсетті. Оның ішінде әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгиямен өз алаңымызда тең түсті. Оның жетекшілігімен команда өз күшіне деген сенімділікті қайтарып, ФИФА рейтингіндегі орнын жақсартты.
ҚФФ Талғат Маруаұлына кәсібилігі, ісіне деген адалдығы және Қазақстан ұлттық құрамасының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіреді, сондай-ақ оған алдағы кәсіби қызметінде сәттілік тілейді, – деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта бапкерлер штабын жасақтау бойынша алдағы қадамдар талқылануда.
Ұлттық құраманың алдағы матчтарға дайындығы қалыпты күйде жалғаспақ.